1-жаттығу. Керекті шылауларды пайдаланып, мына сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз (және, да/де, та/те, бірақ, сонда да, біресе, немесе, өйткені, сондықтан, сол себепті).
1. Басып шығарғышты орнату шебері іске қосылады. Шебер терезесіндегі келесі батырмасы шертіледі. 2. Компьютерлер кабелдермен жалғанады. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы- шоғырлауыш көмегімен жүзеге асырылады. 3. Колледжде ортақ мәліметтер пайдалануға тиісті бірнеше компьютерлер бар. Осы компьютерлер жергілікті желіге әлі біріктірілмеген. 4. Біз информатика кабинетіне бардық. Олар барсын. 5. Әділ компьютерде жұмыс істемеді, маған бермеді. 6. Студенттер қазақ тілі сабағында мәтінді оқиды, жаттығулар орындайды, сұрақтарға жауап береді. 7. Ол баяу оқиды. Ол аз дайындалады. 8. Мен мәтінді түсінемін. Мен сөздерді білемін. 9. Колледждерде жыл сайын білім фестивалі өтеді. Студенттер өздерінің ғылыми жобаларын бағдарламаларын ұсынады. 10. Колледж студенттері республикалық олимпиадаларға қатысады. Олар зерттеу жұмыстарымен айналысады.

solovyovaolena solovyovaolena    1   07.02.2022 05:52    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi