1. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөз. A) Іздеумен.
B) Тәуелсіздікпен.
C) Өнерлер.
D) Шеберлер.
E) Әйелдер.

2. Қазақ тіліне тән қатаң дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз.
A) Тіршілік, ойыншық.
B) Қуырдақ, құшақ.
C) Сауысқан, көл.
D) Ғаламтор, сауысқан.
E) Көлеңке, перзент.

3. Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
A) п, ф, к.
B) ғ, г, д.
C) т, с, ш.
D) һ, ц, қ.
E) ч, х, щ.

4. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын жалғаулы сөз.
A) Жолмен.
B) Басшымен.
C) Өнермен.
D) Бақташылар.
E) Шаһарда.

5. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын қосымшалы сөздерді табыңыз.
A) Табады, қойды.
B) Қонақтар, айтқыз.
C) Шынардай, ізде.
D) Білімді, Мақпалға.
E) Зейнеге, оқыған.

6. Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.
A) Өзі, өзіміз.
B) Өзерің, өзіңсің.
C) Өздеріміз, өздеріңіз.
D) Өзіне, өзіңізбен.
E) Өзім, өзіңіз.

7. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Алтын күн.
B) Хат жазу.
C) Ала өкпе болу.
D) Ағайыншыл адам.
E) Вокзал алаңы.

8. Біріккен сөз
А) жолсерік
В) өндіріс
С) жасампаз
Д) алынған
Е) тапсырды

9. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Досын көрді.
B) Жүзін шырамытатын сияқты.
C) Күн жылына бастады.
D) Боран да басылды.
E) Жәрдемшіге хабар айтуға болады.

10 . Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
A) Қала, көше.
B) Айна, Гүлдария.
C) Әйгерім, Батыр.
D) Көпір, Ертіс.
E) «Жас Алаш», «Парасат».

11. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
А) Әкел.
В) Алатау.
С) Мұратәлі.
Д) Кейбір.
Е) Ешқашан.

12. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыстар бар екенін көрсетіңіз.
A) 14
B) 10
C) 12
D) 11
E) 16

13. Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
A) Бау, бақша, егін.
B) Ас, тамақ, тағам, дәм.
C) Дәреже, абырой, көрнекті.
D) Қала, астана, аймақ.
E) Жоғары, төмен, аласа.

14. Көптік жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.
А) Үйдің, халыққа.
В) Үйірмелер, әншілер.
С) Әртісті, театрды.
D) Досым, қалам.
Е) Үйірмесі, әнші.

15. Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз.
A) Тікұшақ.
B) Кебеже.
C) Хан.
D) Диалект.
E) Ақа.

16. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес – түйені де көрмес.
B) Көрмес түйені де – көрмес.
C) Көрмес – түйені де – көрмес.
D) Көрмес түйені – де көрмес.
E) Көрмес түйені де көрмес.

17. Біріккен сөзді белгілеңіз
А) Әке
В) Ақтөбе
С) Паһ-паһ
Д) Мүмкін
Е) Жеңіс

18.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз
A) –дан,-ден.
B) –ға,-ге.
C)–мен,-пен.
D) –ты,-ті.
E) –ны,-ні.

19. Зат есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
A) Бастауыш, баяндауыш.
B) Дара, күрделі.
C) Жіктеу, сілтеу.
D) Есеп, топтау.
E) Негізгі, туынды.

20. Туынды сөзді табыңыз.
A) Күй.
B) Жол.
C) Өлең.
D) Кітапхана.
E) Жаз.

21. Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз.
A) Жіктік.
B) Көптік.
C) Тәуелдік.
D) Септік.
E) Қосымша.

22. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз.
A) Дәптердің.
B) Қызбен.
C) Кітапты.
D) Гүлдер.
E) Балаға.

23. Отбасы туралы мақал:
А)Әке қарап - ұл өсер, анаға қарап - қыз өсер.
B) Отан отбасынан басталады.
С) Отан – алтын бесігін.
D) Бірлік болмай, тірлік болмайды.
Е) Отан оттан да ыстық.

24. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді койыңыз:
«... қарап ұл өсер, қарап қыз өсер»
А) Бала, немере
B) Ұл, қыз.
С) Қыз, ұл.
D) Әке, ана. .
Е) Немере, шөбере.

25. Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Татулық – табылмас бақыт.
В) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
С) Адал достық алтыннан да қымбат.
Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Е) Ашуың келсе, қолың тарт.

DimaVlasov1 DimaVlasov1    2   22.12.2020 11:58    0

Ответы
spaceman666 spaceman666  21.01.2021 11:59

не істейт дым түсінбедім

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi