1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі ... құрылған. А) отбасылық мәселелер мен мұрагерлер арасындағы таққа талас, қатаң жазаларға
Б) кейіпкерлер арасында орын алған қақтығыстар мен шытырман оқиғалар,
диалогқа
С) кейіпкерлердің әңгімесінен, монологтар, кейіпкерлердің портреттері мен
пейзажға
Д) бас қаhармандардың өзара әңгімесі, сұрақ-жауаптар мен бір-біріне жазған
хаттарға
[1]
2. Бұқар жыраудың адам психологиясы мен мінезін ашып көрсетудегі шеберлігі қай
шығармадан байқалады?
А) «Әй, Абылай, Абылай»
Б) «Асқар таудың өлгені»
С) «Тілек»
Д) «Ай, заман-ай, заман-ай»
[1]
3. «Қасқакөл дауы» шығармасында даудың шешілуіне ықпал еткен кім?
А) билердің сөзін жерге тастаған Ормамбет
Б) жасының үлкендігін алға тартқан Төле би
С) халқыңа пайдасы тимес деп күйінген Әйтеке би
Д) баласының қарт билерді ренжіткеніне күйінген ана
[1]
4. Айтыстағы Біржан бейнесін, оның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, ішкі
психологиясын танытатын жолдарды анықтаңыз.
А) Қырсығың өз басыңнан
арылған жоқ, Теңестеп
айыбыңды тізсем қылға.
Қолыңды ұстатпайтын ерке
болсаң, Келімсек әкең неге
берді құлға?
В) Қырымға қарайтұғын қыран
құспын, Аң алмай жерге бекер
қонбайтұғын. Айнымас қанды
балақ ақ иықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.
С) Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып.
Жеңген жоқ Көшімбайың о да
аңдып. Жанақ қашан жол
алды Сабырбайдан, Жаманын
көтереді арғын сән қып.
Д) Шақыртып нағылады оны Біржан,
Көруге ынтық емес соны Біржан.
Арғыннан асып кеткен бай болмайды,
Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.
[1]
5. Өлең жолдарын сәйкестендіріңіз.
1.Оныншы тілек тілеңіз... А) Төрде төсек тартып жатпасқа
2.Тоғызыншы тілек тілеңіз... Б) Он ай сені көтерген...
Анаң бір аңырап қалмасқа
3. Он бірінші тілек тілеңіз... С) Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа
4. Төртінші тілек тілеңіз... Д) Он бармағы қыналы...
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа
А) 1-С,2-Б,3-А,4-Д
Б) 1-Д,2-А,3-Б,4-С
С) 1-Б,2-А,3-Д,4-С
Д) 1-Д,2-С,3-Б,4-А
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Біржан-Сара» айтысында Сараның иронияны қолдану ерекшелігіне 4-5
сөйлеммен баға беріңіз.
[3]
7. Қазыбек бидің «Не қымбат?» деген сауалға берген жауабын автор бейнесімен
байланыстыра отырып талдаңыз.
[3]
8. Төле бидің «Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел»
деп, келінді өзі таңдаудағы рөлін талдаңыз.
[3]
9. «Біржан-Сара» айтысының шарықтау шегі, ақынның қолданған тәсілі туралы
талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
10. Егер сен айтыскер ақын болсаң, қандай әлеуметтік тақырыптарды қозғар ең? (3-4
сөйлем)
[3]
3-БӨЛІМ
11. Тақырыптың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Шығармалардың идеясын
ғаламдық тұрғыдан талдаңыз.
1. Би-шешендердің аталы сөздеріндегі ойлар қазіргі кезде өзекті ме? Өз ойыңызды
талдап жазыңыз.
2. «Біржан мен Сара» айтысында көтерілген мәселелер Сараның жеке басына ғана
тән бе?
Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды дәлел келтіре отырып жазыңыз.
3. Қазыбек бидің «Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?» сөздерінің тәрбиелік мәнін
талдаңыз

vikaprovotorova vikaprovotorova    2   29.10.2020 08:47    26

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi