1. Ысқақбай әнші Ысқақбай - көкірегіне көп өмір сырын түйген жырау. Жылдың қай мезгілінде көңілі соқса болғаны, торшолақ атын жектіріп, жетекші баласын басшылыққа алып, ел аралайды. Кейде түу сонау Ертіс бойына, Кереку қаласына, орыс поселкелеріне барып ән салады. Керекуде айлап жатады. Жатақтар бірінен соң бірі шақырып әнін тыңдап рахаттанады. Ысқақбай -Омбыға да талай барып жүрген жырау. Пароход, поезға да бұл отырғандардың бәрінен бұрын мінген. Орыс тілін тым жетік білмегенімен, ән-күй өнерін аз-мұз үйреніп, ауылға өзімен бірге ала келіп, айтып та жүретін. Сол Ысқақбай енді Көкшағыр тілегін орындамақ болады да, әдетінше «ха!» деп күліп алып: - Үй болғансын бір пароходсыз болмайды екен, - депті ғой, Ертіс жағасындағы Қаржау-Күшіктің бір байы. Ал мен бүкіл Жанғозы бабам ұрпағына бір пароход сыйлайын, таласып қалмаңдар! – деп Секең бастау сөзінің өзімен-ақ жұртты бір күлдіріп тастады. Содан кейін «Пароход» деген әнін салды. (120 сөз) 1. Мәтіннен есімдіктерді тауып, мағыналық түрлеріне ажырату

2. Жалқы есімдерді теріп жаз.

3. Біріккен сөздерді теріп жазып, біріккен сөздің анықтамасын бер

nastyskabaterfp08pfs nastyskabaterfp08pfs    2   14.09.2021 16:38    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi