1) ғылым мен технология келе ң орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз. 2) қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? көтерілген мәселе бойынша өз пікіріңізді нақты мысалдар келтіріп жазыңыз.
1) Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.
Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.
Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.
2) Әрине, бұл дұрыс емес. Егер әркім өз ыңғайына қарай өзгерте беретін болса, ол дәстүрдің мағынасы бұзылып, тіптен ұмыт қалуы да ғажап емес қой.