1. «Құтты білік» дастанының басты идеясын анықтаңдар. 2. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде «Текті, пара- сатты, иманды кісі» бейнесі қалай сипатталады? Топтас- тыру арқылы көрсетіңдер. 3. Жүсіп Баласағұн, оның «Құтты білік» шығармасы туралы пікірлеріңді «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы білдіріңдер: Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар. Дәлел. Өз пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер. Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал кел- тіріңдер. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар. 4. «Құтты білікте» көтерілген негізгі мәселе «Адам және оның кемелдену жолдары» деген тұжырымды қалай дәлел- дер едіңдер? Ойларыңмен бөлісіп, әдеби эссе жазыңдар. 5. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының адамзат қо- ғамы үшін құндылығы қандай деп ойлайсыңдар? Пікірле- ріңді дәлелдеуге тырысыңдар.