1-тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып көрсетіңіз. Мәтіннен 2 негізгі, 2-қосымша ақпаратты анықтаңыз,мазмұны бойынша қысқаша жазыңыз
Саяхат ережесі
Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек. - Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің.
- Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады.
- Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп назар аударасың.
- Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа.
- Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек!