1-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар. Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).
2-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.
Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.
Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.