1-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Жауабыңызды жұбыңызбен алмасып, толықтырулар енгізіңіз.
Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?
Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?
Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?
Назерке: Сағат нешеде болады?
Жәудір: 18:30-да басталады.
Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.
Жәудір: Неге бармайсың?
Назерке: Қойш, уақытым жоқ!
Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын быстр найти