1-Тапсырма. Жұмбақты шеш. • Батырмасын басасың.
Қажет файлды ашасың.
• Компьютерге енеді,
Қағазды басып береді.
• Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.
• Төртбұрышты терезеден Аласың жаңалық әлемнен.
2-Тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Сен қандай ақпарат құралдарын оқисың?
2. Сенің ең сүйікті бағдарламаң қандай?
3. Сен үшін қандай байланыс құралы тиімді?
4. Компьютерді жиі қолданасың ба?
5. Қандай компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей аласың?
3-Тапсырма.
Жақшаның ішіндегі сөздерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемді жаз.
1. 1965 жылы қазақ телевизиясы 5 сағаттың бағдарламамен тұңғыш рет одақтың аренаға (соғу, шығу, орнау).
2. Содан бері жыл сайын 3 қазанда Мәскеуден тікелей эфирге шығып (отыру, жату, жүру).
3. Орталық телевизияның «Көгілдір ат» залында Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Сәбира Майқановалар туралы (жазу, айту, көру).
4. Қазіргі кезде компьютерлік техника барлығын өзі реттеп (отыру, жазу, кіру).