1-тапсырма. Жұмбақтарды шешу, еліктеу сөздерді тауып,астын сызу Жұмбақтар:
1.Жай ғана сарт етіп жабылады
Іздегенің ішінен табылады
2. Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді
3) Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
4.Жалт – жұлт етеді
Жерге сіңіп кетеді
2-тапсырма.Еліктеуіш сөздерді тауып, мағынасына қарай бөліп жаз.
Кенет найзағайдай сап ете түскен жаңа ойдан оның тұла бойы дір етіп, демі жиілеп сала берді.Үзеңгіге аяғы тиер-тиместен лып етіп өзі де ат үстіне қона кетті. Ол жүрісін кілт доғарып, жалт қарады.Түнде майса көк шөпке тойғандықтан ыңқ-ыңқ етіп зорға демін алады. Алыстан тарс-тарс атылған мылтық даусы естіледі. Жүгіріп үйге келдім де, қараңғы ауыз бөлмеден бос тұрған шелек, легенді даңғыр-даңғыр еткізіп шанамды іздей бастадым
.Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер
3-тапсырма. Мына ертегіні оқып, соңын өзің аяқта.
Байлық пен ақыл
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып былай депті:
-Мен қартайдым. Біреуің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Сонда үлкен ұлы тұрып, асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Ал үшінші, төртінші ұлы не дейді екен?