1-тапсырма. Видеоны қара. Қазақстан спортшыларымен таныс. Мәтінді оқы. Мәтін бойынша 3 сұрақ жаз. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор. Спорт-адамды күшті болуға, жылдамдыққа, табандылыққа, тез ойлануға үйретеді.
Елімізде дамыған спорт түрлері: қазақша күрес, бокс, шаңғы спорты, суда жүзу, жеңіл-ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, тоғызқұмалақ, т.б.
Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б. Еліміз олармен мақтанады.
2- тапсырма.Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сөздермен сәйкестендіріп жаз.
Александр Винокуров
ауыр атлетика
Илья Ильин
мәнерлеп сырғанау
Серік Сәпиев
ауыр атлетика
Әлия Юсупова
боксшы
Майя Манеза
велошабандоз