1-тапсырма.Төмендегі сөздерден сөйлем құрап жаз. Ұлттық саябақ, керемет,күннен келген, туған жер,таулы жер. 2-тапсырма."Қазақстанның көрікті жерлері" тақырыбына эссе жазу.

задания


1-тапсырма.Төмендегі сөздерден сөйлем құрап жаз. Ұлттық саябақ, керемет,күннен келген, туған жер,тау

Ониг Ониг    3   30.12.2020 15:02    0

Ответы
vdyblenkoo vdyblenkoo  29.01.2021 15:03

ответ:мен ұлттық саябаққа бардым. барған саябақ- Баянауыл ұлттық саябағы. ол жер керемет. менің туған жерімді есіме түсіреді. бұл саябакта  таулы жерлерде бар. кыскаша айтканда ол жер күннен күнге құлпырып, жайнайды

Объяснение:"Қазақстанның көрікті жерлері"

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
istomina2000 istomina2000  29.01.2021 15:03

1.Ұлттық саябақта қызыл кітапқа енген аң-құстар мекен етеді.Саябақтың табиғаты керемет.Күннен келген адаммен кездестік.Туған жеріңе жер жетпейді. Таулы жерде архарлар мекендейді.

2.Қазақстанның көрікті жері.

Бурабай қазақстанның ең табиғаты көркем жерлерінің бірі.Таулы,орманды,көлді жерлері әдемі бір сұлулықпен үйлескен.Қазақстанның Швейцариясы деп бекер айтпаған.Көкшетау тауларын Көгілдір тау депте атайды. Себебі аспан көкпеңбек,ауасы саф таза,суы мөлдір.

Бурабай қазақ даласының ортасында орналасқан керемет оазис,тауымен,суымен,орманымен адамды өзіне баурап алады.Көкшетаудың жоғарғы жағында Бурабай ұлттық паркі орналасқан.

Туристердің сүйікті жеріне айналған Оқжетпес жартасы бар.Бұл жерлердің табиғатын көзбен көріп сезіну керек.Жазғұтыры келіп Көкшені,Бурабайды тамашалаңыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi