1 - тапсырма Төмендегі мәтіндерді оқып , тақырыбын қойып түрі мен стилін анықтаңыз , құрылымына назар аударыңыз . Екі мәтінді салыстырып , негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз . Мәтінді мұқият оқыңыз . Мәтіндегі ақпаратты қолданып , көтерілген басты мәселені анықтаңыз . Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз . Тақырыпты ескеріп , тұжырым жасаңыз . 1- мәтін Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші . Бұл – Орхон -Енисей жазуына жататын баға жетпес құнды дүние . Бізге жеткен түркі тарихы да осы VII - VIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгілі болды . Ескерткіш Енисей өзенінің бойынан табылды . Оны алғаш тауып „ ғылым әлеміне мәлімдеуші – орыс ғалымы Ядринцев болды . Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді . Биіктігі – 3,15 метр , ені -1,24 метр , қалыңдығы -0,14 метр . Ескерткіштің жоғарғы жағы бес бұрышты , қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген . Екінші жағында ескерткіштердің орнатылған күні – бірінші тамыз , 732 жыл деп көрсетілген . Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар , ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы . Түркологиялық әдебиеттерде 40 жол « Үлкен жазу » , ал 13 жол « Кіші жазу » деп аталады Күлтегін жыры- патриоттық рух беретін батырлық жыр . Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы .
2-мәтін
Қазақша Мәдениет – адам жасаған « екінші табиғат » . Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі , адамның өмір сүрген ортасымен қарым- қатынасы . Ол өзара қарым қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс . Мәдениет – адам әлемі.Адамдар өздерін қоршаған ортаға , оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді.өзгертеді . Болашақ қоғамға , ұрпаққа мұра етіп қалдырады , ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады . Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың , топтардың , ұлттардың , жеке адамдардың өмір сүру жағдайына , талабына сәйкес пайда болып , қалыптасады . Мысалы ; аң аулау , еңбек құралдарын жасау , от жағу , тамақ пісіру , киіну , т.б Бұл талап- тілектер қоғамдық прогреске , өрлеуге тікелей байланысты . Әр қоғамдық кезеңде жаңа талаптар , тілектер пайда болады , өндіріс құралдары дамиды . Мәселен , бір кездерде жазба әдебиеті болмады , соның нәтижесінде фольклор қалыптасты , кейініректе білімнің қалыптасып , жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды . Бүкіл құндылықты , мифті жазып қалдыру талабы пайда болды . Информатика дамыды , оларды микрофон , магнитофон , компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады . Сөйтіп , мәдениет әлеуметтік құрылымдардың , жке адамның тілегіне , талабына сәйкес қалыптасты . Қоғамда адамның тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды . Мәдениет - әлеуметтік фактор , қоғамның қозғаушы күші . Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады . Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты .

KattyDark010203 KattyDark010203    3   27.10.2020 13:06    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi