1- Тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, есімдері аталған тұлғалар туралы ақпарат жинаңыздар Ән құдіреті Сұлтанмахмұт кідіріп, сөйлеп кетті. Бұл жолы ән-күй халықтың қазынасы екенін, сол қазынаға «Жаяу жүріп, закон қуған» Жаяу Мұсаның мол мұра қосқанын, ән-күйі әсерлі болса, жұрт өзі-ақ ауыздан-ауызға қақшып алып, үйреніп айтып, өзінің төл дүниесіндей, төл атындай меншіктеніп алып, рақаттанатынын айтты. Тау арасында ат үстінде келе жатып Жаяу Мұса әндерін шырқаған адамдардың дауысын, әнін Баянауыл тауларының шың жартастары қосыла шырқап қайталап айтып жататынын сөз етті. Ал нашар ән, нашар күйді халыққа зорлап үйретіп қабыл алдыра алмайсың. «Қойшы соны», - деп, қолдарын бір-ақ сілтейді. Немесе тыжырынып тыңдап, аяқталуына әрең шыдайды. Кімнің құлағын кесіп аларсың?! Ал жүрегі қабылдаған жақсы әнге сезім дүниелері қосыла кетеді. Демек, ән бағасы – халықта, - деді Сұлтанмахмұт. Ақшоқыдағы бұл ауыл – ән баптап, сөз күйттеген ауыл. Жаяу Мұса ашқан ән мектебінің, сөз көктемінің ауылы. Дәулеті мен сәулетін бермеген құдайға наразылық ретінде сөз сарасын, ән шанасын тербеттіріп қойған ауыл. Оның қайнар көзі – Жаяу Мұса. (Д.Әбілов, 147 сөз).

lyubimuchkaozd15q lyubimuchkaozd15q    1   27.10.2020 14:11    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi