1- тапсырма .Суреттерге қарап, тірі ағзаларға тән қасиеттердің атауын және сипатын кестеге толтырыңыз. 2- тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шық.
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Зат алмасу – ағзаның өсуін, дамуын, тіршілік әрекетін, қоршаған ортамен тұрақты қатынас жасалуын реттейтін барлық химиялық процестердің жиынтығы. Ол бір-біріне қарама қарсы (анаболизм) энергия қабылдап, реакция синтезі жүретін және бір-бірімен өзара байланысты (катабализм) реакция ыдырап энергия босап шығатын 2 процестен тұрады.
Көбею – барлық тірі ағзаларға тән қасиет. Тіпті жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну арқылы өте қарқынды көбейеді. Өсімдіктерде көбеюдің үш түрлі жолы бар: жынысты, жыныссыз, өспе мүшелері арқылы көбею.
Бейімделу (адаптация) - өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан олар түрлі өзгерістерге ұшырайды.
Тапсырма:
Жоғарыда мәтінде берілген негізгі қасиеттерге мысал келтіріп, дәлелдеңіз.
Өсу мен дамудың бір-бірінен айырмашылығы қандай?