1-тапсырма. «Шымбұлақ» мәтінін оқып, дефис арқылы жазылатын сөздер мен бірге жазылатын сөздерді теріп жазыңыз. Шымбұлақ — Алматы маңындағы ІлеАлатауы шатқалының 2510 метр биіктігіндеорын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйіктіорнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, ондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. 2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минута көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» - көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көпболуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады. . Сөйтіп, Шымбұлақ қараша мен мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келеді. 2-тапсырма. «Шымбұлақ» мәтініндегі деректерді пайдалана отырып, графиктік мәтін(кесте, сызба) құрастырыңыз. Демалыс орны атауы Орналасқан жері Техникалық сипаттамасы Туристердің мекені
Қолайлы спорт түрлері

PeppaPig2222 PeppaPig2222    2   11.09.2020 14:23    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi