1-тапсырма Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ.
Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма: «Қарағым ұлым, тағдырым сенің қолыңда», — деп тұрған ізгі ана — қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бүл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» — дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш-қуатты тасытады.
Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз, — дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен. аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр, Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз.
Тақырыбы
Кімдерге оқуға арналған (аудитория)?
Қандай стильде жазылған?
Стильге тән тілдік құрылымдардан мысал келтіріңіз
2. Мәтіннен оқшау сөздерді ажыратады.
1.
2.
3