1-тапсырма. Шығармаларды түсініп оқыңыз. Екі мәтінді кесте бойынша салыстырыңыз. 1-мәтін Мен перінің кқызымын. Сізге сырттай ғашық болып жүргеніме көп болды. Қасыңызға жолай алмадым. Жан дүниеңіз таза болғандықтан сізді үнемі періштелер қалқалап жүреді. Жолығудың амалын таппағасын аждаһа кейпіне еніп, ауылыңа шаптым. Ескі құдықты таңдағаным... Еліңізге жаныңыз ашып, жетіп келеріңізді сезгем. Қылышыңызды көтеріп шабуға ұмтылғаныңызда жанарыңыздан шашылған отқа шыдай алмай, көзімнен жас шығып кетті. Сіз аяғандықтан өлтірмей, басыма ақ құйып жібердіңіз. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз, - деп, мұңайған қыз сөйлеуден тоқтап, көз жасын сүртт