1-тапсырма. Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талда. Заманауи тұрғыда салыстыру жаса. № Шығарма үзіндісі Салыстырмалы талдау
 1 Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-қатар тізіп қояды да бақалшыға:
 -Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, - дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп береді. 
 2 Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі құлағымда. 
 3 Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
 - Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.
 - Мен Момыштың ұлымын.
 - Момыш кімнің баласы?
 - Момыш – Имаштың баласы.
 Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі білімімді тексеретін. Елтанудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.