1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз. Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы! Егіс биыл, біздің бақытымызға қарай, тамаша жеңіспен аяқталды. Қазақстан қазір,қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болды. Меніңше, бұл – өте мықты адам.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтыр.

1. Біз ... байқамай қалыппыз. 2. ... Сара мәреге бірінші боп жетеді.

3. Мұражайға ... ертең барармыз. 4. ... өзім де осылай болар деп ойлап ем.

Тиісті сөздер: қалай екені белгісіз, әлбетте, мүмкін, өкінішке қарай

Bagdan112 Bagdan112    3   09.02.2021 10:44    0

Ответы
DOLTONrus DOLTONrus  11.03.2021 10:45

Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы! Егіс биыл, біздің бақытымызға қарай, тамаша жеңіспен аяқталды. Қазақстан қазір, қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болды. Меніңше, бұл – өте мықты адам.

(Оқшау сөздердің асты сызылған.)

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып қойып, оны тыныс белгісімен толықтыр.

1. Біз, өкінішке қарай, байқамай қалыппыз. 2. Қалай екені белгісіз, Сара мәреге бірінші боп жетеді. 3. Мұражайға, мүмкін, ертең барармыз. 4. Әлбетте, өзім де осылай болар деп ойлап ем.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi