1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Ұлы Отан соғысына қанша қазақстандық қатысты?
2. Үлы Отан соғысында қазақстандықтар қандай ерлік ке
3. Қазақтан шыққан қандай батырларды білесің?
4. Үлы Отан соғысына қатысқан туыстарын бар ма?
5. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан туралы не білесі​

JimmyN JimmyN    1   23.04.2021 17:46    1

Ответы
madievazarina madievazarina  23.04.2021 17:50

1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ал 1941 жылдың 22 маусымында фашист әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО-ға тиесілі Брест қамалына (Беларусь) шабуыл жасаған соң, Ұлы Отан соғысы басталды.

Ресейлік тарихшылардың мәліметіне сәйкес, 1941 жылы қамалды 7 000 сарбаз қорғаған. Оның 1 мыңға жуығы Қазақстаннан барған жауынгерлер.

Жау шабуылынан кейін аман қалған Брест қамалының қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болды. Біразы Беларусь жерінде жерленген.

КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталд

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi