1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында. Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дост ұрмақ дұшпан кемiтер бiрміні жоқсұлудың, шеберақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыталса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнерсайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан- жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды. 1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сұрақтар Жауаптар Айтыс қандай мәселелерді қозғады? Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай туындылар дүниеге келді? Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз бетіне қашан түсірілді? Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен келді? [4]