1-тапсырма. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері
болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын,
қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына
бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ
отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың
өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады.
Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс
болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында
атаанасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын
қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің
Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-
аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті.

Можно перевод текста

mlvov70 mlvov70    2   17.10.2020 03:19    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi