1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Көксерек ашқарақ. Жанында адам тұрса, тамақты жемейді. Адам болмаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашса, бермеген тамақты жеп қояды. Сосын таяқ жейді. Өзі ешкімге соқтықпайды. Суық. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді және семірді, бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді, бірақ ер жете бастаған сайын иесі көз жазып қала берді.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Көксерек неге ақырын өсіп жатыр?
2. Көксерек неге суық?
3. Көксеректі сипатта?
4. Мәтінде жылдың қай мезгілі суреттеледі?
5. Көксеректі кім асырады?.