1-тапсырма. Оқы ,мәтінге 10 сұрақ жаз.  Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда: «Аға, саған бүл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!» — деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VII—V ғасырларда өмір сүргендігі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманы-мыздағы VIII ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

Сақ, ғүн дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып-Ер Түңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

Біздің заманымызға дейінгі көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіш-терін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құрған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында білгеніміз жөн.

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласында сақ, ғұн, үйсін-дер өмір сүрген. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Бұны сақтардың бұғы, арқар, арыстан, самұрық суреттерін салып және олардың бейнесін алтыннан құйып жасағандығынан байқаймыз. Заманымыздың Ү ғасырына дейін оларды «түрік», «түркілер» деп атаған. Олар көне түркі тілінде сөйлеген.

Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, ұлан-ғайыр өлкедегі негізгі тілге айналды. Олардың таңбәлары ру символдарына ұқсас болып келді. Кене түркі жазуы бертін келе тіл тарихында «Рунә» жәзуы деп аталып кетті. «Рунь» деген сөз «құпия», яғни «сыры ашылмаған» деген ұғымды білдіреді.

Міне, осы руна жазуындағы ескерткіштер тілі ҮІ — X ғасырлардағы оғыз, ұйғыр, қырғыз, қимақ, қыпшақ т.б. түркі тайпалардың бәріне бірдей ортақ жәзбаша әдеби тілі болды.

Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен Алып — Ер Тұңға, Тұмар патшайым; Ширақ батыр, Мөде батыр жайында аңыз-әңгімелер бар. поогите надо составить по тексту 10 вопросов

миёк2 миёк2    2   23.11.2020 14:04    6

Ответы
0674167692 0674167692  23.12.2020 14:04

1)Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрады?

2)Есік қаласының маңында қай жерде, не деген жазу бар?

3)Алтын Бекзада біздің заманымызға дейін қай ғасырларда өмір сүргені анықталды?

4)Сақ, ғұн дәуірінен келе жатқан қай батырлар жайында аңыз-жырлар бар? 5)Орта Азия мен Қазақстанның кең-байтақ даласында кімдер өмір сүрген?

6)Сақ,ғұн,үйсін-дер алғашқы қауымдық құрылыс тұсында немен айналысқан?

7)Көне түркі жазуы бертін келе қалай аталды?

8) Руна жазуындағы ескерткіштер тілі YI-X ғасырлары қай тайпалардың жазбаша әдеби тілі болды?

9)Сақ,ғұн, үйсін-дерді Y ғасырға дейін кімдер деп атаған?

10)Мәтіннің идеясы қандай

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi