1-тапсырма: О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, әңгіме мазмұнымен танысу. Сұрақтарға жауап береміз! 1.О.Бөкей қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 2 .Жазушының қызмет жолы қалай басталған? 3 .Автордың қандай шығармалары бар? Интервью - тест (О. Бөкейдің өмірі бойынша). 2-тапсырма: Мәтінді оқып ал. Сұраққа жауап бер. Тортайдың арманы кім болу? оның арманы басқа балаларға қарағанда қандай еді? «Менің жадымда тамаша сақталғаны – ол тас үңгірде шөп төселген нардың үстінде жатып оқыған кітаптары мен өзінің арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбір-күбір әңгімесінің еміс-еміс елесі ғана. Мені жып-жылы қойнына алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді...» Автордың өзі айтқандай, Тортай зерек. Таңды таңға атырып, армандап, қиял әлемін шарлаған бала ағалық ақылды да айта алатын еді. «Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап, әкем де, шешем де сол – кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің – бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді...» Тәрбие мен ақылды кітаптап алып, кітапты ғана азық етеді. Өзінің жалғыздығы мен жетімдігін тек кітап оқығанда ғана сезінбейтінін де жасырмайды. Ол өмірге налып, тағдырын сөкпейді. Армансыз адамды қанатсыз құсқа балап жатады емес пе? Тортайда үлкен үміт бар, арман бар. «Кітап жазып, жазушы болғым келеді» деген арманы сол кездегі өз қатарластарының қиялында емес еді. Осыдан-ақ, барлық жақсы адами қасиеттерді бойына сіңірген Тортайдың өзгелерден өзгешелігін, ұсақ арманның жетегінде емес үлкен арманның қанатында жүргенін байқауға болады...

Flvme Flvme    1   10.02.2021 13:22    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi