1-Тапсырма Наурыз мерекесі туралы мәтіннен есімдіктер мен етістіктерді тауып, астын сыз.

«Қазақстаннан хат-хабар» айдарымен жарияланған мақалада Орталық Азия тұрғындары асыға күтетін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы және Қазақстан Республикасында оны қалай тойлайтыны жазылған. Мақалада Шығыс халықтары үшін аса маңызды мереке Наурыз келгенде ежелгі ғұн заманындағы көшпенділер ерте тұрып, Күнді қарсы алғандығы туралы айтылады. «Көктемді қарсы алғанда Орталық Азия халықтары ағаш егіп, бұлақ көзін ашады» дей келе, Наурыздың қазақ танымымен байланысын баяндайды. Автор қазіргі замандағы наурыз айшықтарын да суреттеген. Мереке күні Астана, Алматы шаһарларында Елбасы мен қала басшыларының құттықтау сөзімен ашылатын Наурыз мейрамының тойлануы туралы жазылған. Мақаланың «Тау баурайындағы Жамбыл ауылында» деген бөлімінде бір топ жапон азаматтарының Жетісу жеріндегі Жамбыл ауылында қонақта болып, анасының қолынан наурыз көжеден дәм татқанын есіне алған журналист наурыз көже дәмінің ерекшелігі мен пісіру әдістеріне тоқталады. Журналист Жапонияда 21 наурызда жеті түрлі өсімдіктен көже әзірленсе, Қазақ елі Ұлы мейрамға арналған наурыз көжені бірлік пен берекенің символы санайтынын, Наурыз күні ешкімді алаламай, дастарқаннан әр адам дәм тату керектігін айтқан.

Helen609 Helen609    3   02.03.2021 11:09    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi