1-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазу/выпиши из текста словосочетания Бойтұмар тарихы
Қазақ халқының күнделікті өмірінде тұмардың орны бөлек. Халық тұжырымында "көз тию" яғни "кінәрат" деген түсінік кең тараған және оған халық сеніп келген. Тұмардың қасиеті өзге жанның сұқ көзінен сақтап, сәбиді тілден, түрлі пәлекеттерден сақтайды және жақсы атқа да, жас балаға да, сүтті сиырға да көз тиеді деген ұғымнан туса керек. Бұл ырым қазірде бізбен бітесе жалғасып келеді. Тұмар негізінен теріден не матадан істеліп, арасына Құран сүресінен аяттар жазылған. Кейде зергерлер әшекейлеп темірден, күмістен құты жасаған. Исламға дейін тұмардың ішіне тұз, пияз, аюдың, иттің жүнін салған. Тілден, көзден әр түрлі пәлекеттерден сақтайтын тұмарлардың түрі көп болып, бірі ауру адамға тағылса, бірі әйелдерге, қыздарға, жас балаларға тағылған. Қазіргі кезде тұмар өз міндетін жоғалтпай, ұлттық сыйлықтық, сувенир, сәндік қатарына енді.

(3)

Жазылым.
2-тапсырма. Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құра./по тексту составь 3 вопроса
( 3)

3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрастыр./внимательно прочитай текст, по содержанию текста составь предложения с данными словами.
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Сауран – Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

Сауда

Жәрмеңке

Әйгілі

(3)
4-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер./по тексту выше проверь информацию.

Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан

2
Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Сауран деп аталды

3
Сауран – Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі.

4
Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

хорошист546 хорошист546    2   03.12.2020 13:58    0

Ответы
vanyaver vanyaver  03.12.2020 14:00

жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi