1-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жаз ( ) Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

2-тапсырма. Берілген мәтінге ат қойыңыз ( )

3-тапсырма Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер ( )


Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.

2
Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Сауран деп аталды

3
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.

4
Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

Жазылым.
4-тапсырма . Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз ( )
Спорт денсаулықты жақсартады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға спорттың маңызы зор. Спорт бүгінгі елімізде дамып келеді. Спорттың қай түрін алыпқарасақ та, барлығы да денсаулыққа пайдалы. Спорттың күнделікті қолданыстағы мынадай түрлерін атай аламыз: коньки, шаңғы тебу, қол күрестіру, футбол, воллейбол, баскетбол, бокс, еркін күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, тейквондо, дзюдо, велоспорт, жүзу, т. б. Егер адам осы түрлерінің бірімен айналысса, өмірде маңызды жетістіктерге жетеді.
1
2
3

5-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сөздерді қолдана, сөйлем құрастыру ( )
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған қаладан ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

сауда

жәрмеңке

әйгілі

ІІ тоқсан №1 БЖБ
Дескриптор
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Дескриптор

1 Мәтінді мұқият оқып,
сөз тіркестерін теріп жазу
1
Мәтіннен сөз тіркестерді анықтап табады
4
1
Мәтіннен сөз тіркестерді теріп жаза алады
2 Берілген мәтінге ат қойыңыз
2
Мəтін не туралы екенін түсініп, оған ат қояды
1
2 Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексеру
3
Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыс бұрыстығын анықтап алады.
4
3 Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жазу
4
Мәтін бойынша сұрақ құрастырып жаза алады
3
4 Мәтінді мұқият оқып, берілген сөздерді қолдана , сөйлем құрастыру
5
Мәтінді мұқият оқып алады
3
5
Берілген сөздерді қолдананып , сөйлем құрастыра алады
Барлығы

15

Pleshkova01 Pleshkova01    2   03.12.2020 10:22    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi