1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңмен баянда. Хабарлы сөйлемдерді қолдан.
Қажетті сөздер: амандасу, ержету, әке мінезі, қатал, Телғара.
Текст с низу
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқыңыз
Абай ауылына жеткенше асықты.
- Анау — Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, – деді бір үлкен әйел.
- Бәсе, Телғара ғой... Жаным-ау, мынау... –Телғара! – деді жас әйел.
Абайдың келген хабарын естіп, анасы Ұлжан мен әжесі Зере сыртқа шықты. Зеренің ең
жақсы көретін немересі – Абай еді. Оның тілеуін тілеп отыратын.
Абай аттан түсті. Ол көп ішінен, ең алдымен, өз шешесін көрді. Соған қарай жүре беріп
еді, шешесі:
- Шырағым, балам, ар жағында әкең тұр... Сәлем бер! – деді.
Абай әкесіне қарай тез бұрылды. Әкесіне қол беріп амандасты.
Әкесі:
- Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың! Бойыңдай болып білімің де өсті ме? – деді.
Yялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға белгілі. Ол сабырмен:
- Шүкір, әке, Қазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, – деді.
Құнанбай:
— Бар, енді шешелерің жаққа бар, амандас, балам! — деді.