1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап беріңіз. Сөйлеу мәдениеті
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
• Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
• Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.
• Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
• Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек.
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Аристотель: «Күллі а белгілі дәрежеде шешендіктану іліміне қатысты. Демек, іскер, бизнесмен, заңгер, мұғалім, агроном, әлеууметтік сала қызметкері, дін саласын уағыздаушы өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жетік меңгеруі тиіс. Себебі оларға адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми ретте шаршы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөйлеу үшін не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса қалай айту керектігін білген жөн. Іскер маман өзі сөйлерде «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға мұны не үшін айтамын?» деген сауалдарды ойлануы тиіс.
Жинақтай айтсақ, іскер маманның жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениетінің болуына қойылар талаптар мынандай: тыңдаушыны қадірлей білу, сөйленген сөздің анық, дәл, айқын естілетін болуы, сөз сөйлеуде бет-аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыру. Тыңдаушыға көз қырын салу, сөзді тыңдаушы ығыр болған сөзден бастамау, сөздің қысқа әрә тұжырымды болуын қадағалау. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады.
Сөйлеу әдебінің жағдаяттары: назар аудару және назарды өзіне аударту, амандасу, тыңдау, шақыру, өтініш айту, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, өошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу, т.б. түрлерді атауға болады.
2-тапсырма. АССОЦИОГРАММА
3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі орфоэпиялық негізде жазылған сөздерді тауып, орфографиялық нұсқасын жазыңыз.
Өз ісін бастайтын іскер адамдардың алдында сол іспен айналысып жүргөн басқа ұжұм адамдарымен қарым-ғатынас, іскерлік кездесулер жүргүзу қажет болады. Сондығтан сіздермен бірлесе отұрұп, сүт өнүмдерін ТМД елдеріне экспорттасақ деген ұсұнұспен келіб отұрмын. Керекті құжаттарды ғашан толтыраламыз? Мұсұлман елінде сол ғолмен желіңген ас харам болұп есептеледі.