1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырып жаз. Прочтите тексты и сравните стиль, тему и содержание двух текстов. 1-мәтін/1-текст
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған.   
Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп, білімін дамыта береді.  
ПЕРЕВОД ТЕКСТА                                   
Великий поэт, просветитель, основоположник казахской письменности и литературного языка Абай Кунанбаевич родился в Абайском районе современной Восточно-Казахстанской области на склонах Чингисхана. С ранних лет учился у деревенского муллы. Позже он получил образование в медресе в Семей в течение 3 лет.
Воспитанником Абая занимались его отец Кунанбай и бабушка Зере. Его мать Улжан также оказала большое влияние на воспитание и образование сына.
В свободное время молодой Абай самостоятельно ищет и изучает казахскую культуру, арабский, персидский, чагатайский языки. Он растет, заучивая стихи восточных поэтов, таких как Низами, Ходжа Хафиз, Навои, Физули и др. Позже он самостоятельно изучает русскую литературу и язык, знакомится с произведениями великих русских мыслителей А. С. Пушкина, Н.В.Гоголя, М. Ю. Лермонтова, М. Е. Салтыкова-Щедрина, Н.А.Некрасова и др., делает из них перевод. Вместе с тем он знакомится с работами английского ученого Ч. Дарвина и читает произведения Шекспира. Благодаря этому он расширяет кругозор и развивает знания.
 
 
2-мәтін/2-текст
Хабарлама/ Сообщение
           Құрметті «Абай» кітапханасының оқырмандары! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы сағат 15:00-де болады. Сіздерді көрермен болуға шақырамыз. Кіру тегін.
Өтетін орны: «Абай» кітапханасы, 1-қабат, мәжіліс залы
ПЕРЕВОД                                  
 
Уважаемые читатели библиотеки "Абай"! Поэтический конкурс «Абай – дана, Абай – дара», посвященный 175-летию великого поэта Абая Кунанбайулы состоится 12.09.2021 года в 15:00 часов. Приглашаем вас стать зрителями. Вход бесплатный.
Место проведения: библиотека "Абай", 1 этаж, актовый зал
 
Салыстыру аспектілері/ Аспекты сравнения
1-мәтіннің/1- текста
2-мәтіннің/2- текста
стилі
 
 
тақырыбы
 
 
қысқаша мазмұны (2-3 сөйлем)
 
 
 
2-тапсырма./ Задание 2.
Тірек сөздерді қолданып, жанрлық ерекшеліктерін сақтап Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жаз./ Напишите биографию Абая Кунанбаевича, используя ключевые слова и сохраняя жанровые особенности.
Өмірбаянның құрылымын есте сақта/ Запомни структуру биографии:
1. туған жылы, туған жері
2. отбасы туралы ақпарат
3. жұмыс орны, қызметі туралы ақпараттар
4. жетістіктері туралы ақпараттар
Тірек сөздер/ Ключевые слова: ұлы ақын / 10 тамыз 1845 жылы / қазіргі Семей облысы Абай ауданы / атақты Құнанбай болыс / Зере / Ұлжан / 10 жаста / Ахмет Риза медресесі / 3 жыл / араб, парсы, шағатай тілдері / орыс тілін өз бетімен үйрену / әкесімен бірге ел басқару ісімен айналысу / болыс болу / 10 жастан өлең жазу / 3 поэма, 45 қарасөзі, 100-ден астам аудармалары, 10-нан астам күйлері мен әндері, 500-ден астам өлеңдері
Өмірбаян/ Биография

 

 

 

 

 

 

 

 
3-тапсырма./ Задание 3.  себебі / өйткені / сондықтан шылауларын орынды қолданып, сұрақтарға жауап жаз. /Добавляя оттого что, поэтому, потому что - причинные СОЮЗЫ, ответить на вопросы.
1. Зергерлік бұйымдар неге қымбат болады?
2. Қыздар неге зергерлік бұйымдарды жақсы көреді?
3. Қазақтар неге күмістен жасалған білезіктерді, сақиналарды таққан?
 

regional368 regional368    1   13.05.2021 07:03    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi