1 - тапсырма . Мәтіндерді түсініп оқып , 2 мәтіннің стилін , тақырыбын , мазмұнын салыстырып жаз . 1 - мәтін Ұлы ақын , ағартушы , қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді . Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен - ақ зеректігімен көзге түседі . Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады . Абайдың білім алуына жол ашқан - әкесі Құнанбай болса , тәрбие берген әжесі Зере болды . Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған . Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп , қазақтың мәдениетін , араб , парсы , шағатай тілдерін үйренеді . Ол Низами , Қожа Хафиз , Науаи , Физули , т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі . Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп , орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин , Н.В.Гоголь , М.Ю.Лермонтов , М.Е.Салтыков - Щедрин , Н.А.Некрасов , т.б. ақын - жазушылардың шығармаларымен танысады , олардан аударма да жасайды . Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып , Шекспирдің шығармаларын да оқиды . Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп , білімін дамыта береді . 2 - мәтін Хабарлама Құрметті « Абай » кітапханасының оқырмандары ! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған « Абай – дана , Абай – дара » атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы сағат 15 : 00 - де болады . Сіздерді көрермен болуға шақырамыз . Кіру тегін . Өтетін орны : « Абай » кітапханасы , 1 қабат , мәжіліс залы Мәтіндерді мына ретпен салыстырып жаз : 1 - мәтіннің стилі : 2 - мәтіннің стилі : 1 - мәтіннің тақырыбы : . 2 - мәтіннің тақырыбы : 1 - мәтіннің қысқаша мазмұны ( 1-2 сөйлем ) : . 2 - мәтіннің қысқаша мазмұны ( 1-2 сөйлем ) : ..