1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, талдау жасап, кестені толтырыңыз. [7]
1-мәтін
«Елорда», «Нұр-Сұлтан» — мадақ етіп, жырға
қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның
төрінде сән-салтанаты жарасқан әсем қала
бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай
ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді.
Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру
туралы сөз қозғалғанда, көптің көңілінде
күмәннің болғаны шындық. Алайда
алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді.
Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа
леп келді. Зәулім ғимараттар салынды,
Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады.
Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол –
өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның
ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық
диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы.
Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан.
Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман
өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір
ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт
кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік
сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да
бірін-бірі қайталамайтын туындылар.
Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің
ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра
түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын
асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан - арман мен
Қиял әлемі. Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл
жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік,
бірегей мүсiндiк нышандары сап түзеген,