1- тапсырма. Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз А мәтіні
Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы. Ол - 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы. Данияр кішкентайынан шыдамды, төзімді, тұйық болып өседі. Боксқа мектеп кезінен қатысып, туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады. Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы.
Ә мәтіні
Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанады.
Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан.
 
1. Екі мәтінге ортақ тақырып[1]
A) Жеңіл атлетика
B) Әлемдік күрес
C) Танымал боксшылар
D) Үстел теннисі
2. Екі мәтіндегі ұқсас ақпарат[1]
A) Әкелері жаттықтырғаны
B) Жедел жеңіс
C) Азия ойыны чемпиондары
D) Боксшылардың дүниеге келуі
3. 1- мәтіннің мазмұнындағы ерекшелік[1]
A) Бала кезде аурушаң болғандығы
B) Бір жыл ішінде жеңіске жетуі
C) Боксшылар отбасы туралы
D) Қонақбаевты үлгі тұтуы
4. 2 - мәтіннің мазмұнындағы ерекшелік[1]
A) Бала кезден аурушаң болғандығы
B) Ағасымен үздік дайындалды
C) Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.
D) Жедел жеңіс

ніка2007 ніка2007    2   18.03.2021 17:22    1

Ответы
sofia200000 sofia200000  18.03.2021 17:30

1)С

2)Д

3)С

4)А

Объяснение:

если қате болса кешір

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
SashaD02 SashaD02  18.03.2021 17:30

1С танымал боксшылар

2ВилиС

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi