1-тапсырма Мәтіндерді мұқият оқыңыз, тапсырманы орындаңыз

Домбыра туралы аңыз

Ертеде жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Батыр көлеңкеге отырады. Жанындағы ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тағады. Өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспаптан ешқандай дыбыс шықпайды. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағашты көреді. Шошыған батыр мұны шайтанның ісі деп ойлайды. Сонан бері, бұл ағаш “шайтан тиек” деп аталып келеді.

"Домбыра - кең таралған ұлттық музыкалық аспап"

Домбыра - қазақ халқының өте ертеден кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі, құлағы, тиегі, шанағы болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ.

Домбырада ойнау, домбыраны тыңдау ғажайып сезімге бөлейді. Домбыра туралы айтқанда қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі елестейді. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы қазақ халқының барша қасиетін түсінуге болады.

Домбыра арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндейді. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, еңбек етуге құштарлығы жоғарылайды.


1-тапсырма Мәтіндерді мұқият оқыңыз, тапсырманы орындаңызДомбыра туралы аңыз Ертеде жаумен күрестен,

ghjAlina11181 ghjAlina11181    3   01.03.2021 15:24    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi