1 тапсырма. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жаз.
Ақпараттар әлемі
ХХ ғасырдың 50-70 жылдарында адамзат техниканың, оның ішінде компьютердің, қарыштап дамыған қадам басты. Компьютерлік технологияның дамуы қоғамның ғылым, мәдениет, білім беру, өндіріс, басқару секілді салаларында жылдам жүріп жатқан интеграциялық үдерістермен байланысты ақпараттандырудың ғаламдық мәселелеріне алып келді. Қоғамды ақпараттандыру – жаңа микропроцессорлар мен есептеу техникаларының, ақпарат алмасудың әр түрлі құралдары негізінде жүзеге асатын, қор жасау, өңдеу, сақтау, жіберу, пайдалану, ақпаратты сүзу сияқты қызметтерден құралатын ғаламдық әлеуметтік үдеріс. Адам мен жалпы қоғамның интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуде маңызды рөл атқаратын компьютер кез келген ақпаратты өңдейтін әмбебап техникалық құрал болып саналады.

Компьютерлердің пайда болуы мен дамуы – қоғам мен білім беру саласын ақпараттандыру үдерісінің құрамдас бөлігі. Қоғамды ақпараттандыру кезінде басты назар адам қызметінің барлық түрін сенімді, нақты, пайдалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешеніне аударылуы керек. Сондықтан да бұл ұғым «қоғамды компьютерлендіру» дегеннен әлдеқайда кең, онда ақпаратты жылдам алуға жол ашатын компьютерлік базаны ендіру мен дамытуға басымдылық беріледі. Интернетке, телекоммуникациялық желілер мен интеллектуалдық компьютерлік жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар болашақ ұрпақтың өз білімін, түрлі мәліметтер мен материалдарды еркін таратуына мүмкіндік береді.
Әлемдік ортақ ақпараттық жүйелерді қолдану білім саласына ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ете отырып, бірыңғай білім кеңістігін құруға қол жеткізіледі, адамдардың қарым-қатынас жасауға, ортақ материалдық емес ресурстарға қолжетімділікке және көп ақпараттар алуға, оны түсінуге деген қажеттілігін арттырады.

Svetbor04 Svetbor04    2   24.04.2020 00:41    6

Ответы
КрутойМиха КрутойМиха  13.10.2020 19:29

Негізгі ой:бұл мәтінде XXғ 50-70ж қалай пайда болғаны және техника.Компьютер пайда болуы мен даму барысында көп өзгерістер болды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi