1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (10-аудио). Жұбыңның түсінген, түсінбегенін білу үшін, оған сұрақтар қой. Қарым-қатынас этикеті Айналаңыздағы адамдарға жағымды қарауға үйреніңіз. Сауда орындарына барғанда, ашуланып сөйлемеңіз. Сатушыны және тауарды жамандамаңыз, басқаның таңдауын сыйлаңыз. Қарым-қатынасқа түсіп отырған адам туралы жағымсыз нәрсе айтпаңыз. Адамдардың алдында өз қателігіңізді мойындаудан ұялмаңыз. Сатушыдан кешірім сұраңыз, сонда ғана ол өзінің қателігін түсінеді, өзіне деген сыйластықты сезінеді. Басқаны тыңдап үйренуіңіз қажет. Бұл қасиет сіздің әдепті және тәрбиелі екеніңізді көрсетеді. Өзгелердің әңгімесіне кедергі жасамауға, сөзін бөлмеуге, олармен ұрыспауға тырысыңыз. Сатушымен сұхбатты жайдары және сыйластықпен өткізген жөн. Massaget.kz сайтынан нужно по этому тексту 5 вопросительных вопросов