1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұны бойынша қысқаша мақала жазыңыз. Сөз саны: 70-80 сөз.   Қазақстанның Қызыл кітабы

Ағылшын биологі П.Скоттың ұсынысы бойынша жойылып кету қаупі туған түрлер тізімі Қызыл кітап деген атау алды. Қызыл кітаптың бірінші нұсқасы 1963 жылы шықты және ол сырт көзге қағаздар жинағы ретінде көрінді. Әр түрге жеке бір парақ қағаз берілді, онда түрдің атауы, оның статусы, таралуы, саны, жойылып кету себебі және оны сақтап қалу бойынша ұсыныстар көрсетілді. Кітаптың сыртқы мұқабасы, яғни қызыл түсі, жануарлар мен өсімдіктерге жақындаған қауіпті ескертеді. Кітап беттерінің қызыл түсі жойылып бара жатқан түрлерді, сары түсі саны азайған немесе жойылу қаупі бар түрлерді, ақ түсі сирек кездесетін түрлерді, жасыл түсі қалпына келген түрлерді білдіреді.

Алғашқы Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға арналған халықаралық күшті біріктіру мақсатында жасалған бірінші қадам болды. Ол бүкіл адамзатқа ойланбай жасалған іс-әрекет жабайы табиғат ресурстарының генетикалық ойсырауына әкелгенін көрсетті. Аумағында Қызыл кітапқа енген түрлер тіршілік ететін әрбір ел бұл табиғат байлығын сақтау үшін барлық адамзат алдында моральдық жауапкершілікте болады.

2 из 4

Қазақстанның Қызыл кітабы 1978 жылы шықты. Содан бері ол бірнеше рет толықтырылып, жаңартылды. Қазақстанның омыртқалы жануарларға арналған Қызыл кітабының толықтырылған және өңделген төртінші басылымы 2010 жылы жарық көрді. Онда омыртқалылардың 128 түрі тіркелген. Олардың 1 түрі дөңгелекауыздыларға, 17 түрі сүйекті балықтарға, 3 түрі қосмекенділерге, 10 түрі жорғалаушыларға, 57 түрі құстарға және 40 түрі сүтқоректілерге жатады. Қазақстан Қызыл кітабына енген жануарлар тізімінде сұңқылдақ аққу, қарақұйрық, барыс, ақбас тырна бар. Өсімдіктерден тянь-шань шыршасы, қылша (эфедра), арша, қызғалдақтардың түрлері,  алтын тамыр, ақтерек, жабайы алма, қара және ақ сексеуіл енген. Сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына салыстырмалы түрде шағын аумақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлері де енгізілген. Оларды эндемиктер деп атайды, мысалы: жалман, жетісу бақатісі, мензбир суыры, қарақұйрық.

31101960 31101960    1   25.02.2021 08:07    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi