1-тапсырма:  Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.   1б.

Қалың  орманды  бір түлкі аралап  келе жатты. Ол биік  ағаштың  басында отырған  ірі  қырғауылды  көрді де, жақындап келіп:

– Сәлеметсіз бе, қырғауыл!Қалай  тұрасың, достым? - деді.

– Жақсы  сөзіңе  рақмет!Өзіңіз  қалай  тұрасыз? - деді қырғауыл.

– Жерге  түсіп  сөйлессең  екен, шырағым, кәрімін, бір  құлағым  жөнді естімейді, - дейді түлкі.

– Жерге  түспеймін, жерге  түсуге қорқамын, жерде  әртүрлі  аңдар  бар, бізді жеп  қоюы  мүмкін, - деді  қырғауыл.

– Ей, достым, биылғы  заман  бұрынғы  емес!Бүгін  қалаға  барып  келіп  едім, «біреуге  біреу  зорлық  қылмасын» деген  бұйрық  шығыпты. Бұйрықта қой  мен  қасқыр, түлкі  мен тауық, ит  пен мысық  бірге жүрсін, көгершін мен  қаршыға  бір  ұяға  жұмыртқаласын  делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.

– Жақсы  хабарыңыз  бар  екен, досым!Ана  жақта бір  топ  иттер  келе жатыр, оларға  да  айтыңыз, олар да  бұйрықты  естісін, - деді  қырғауыл.

Ит  деген  сөзді  естіген  түлкі  алды-артына  қарамастан  қаша  жөнелді.

– Қайда  барасыз, бұйрықты  ұмытып  кеттіңіз  бе? - деді  қырғауыл.

– Кім  біледі, бұйрықты  иттер  естімеген  шығар, - деген  түлкінің  даусы алыстан  естілді.

2-тапсырма:  Мәтіндегі  кейіпкерлер мен олардың әркетін (     ) арқылы сәйкестендіріңіз.  2б.

Кейіпкер

Әрекеті

Түлкі

Орман ішінде жүріп келе жатады.

Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.

Қырғауыл

Жан-жағына қарамастан қашып кетті.

Бұйрықты естіп қуанады.

3-тапсырма: Мәтіннен  5  жалпы  есімдерді  теріп  жазыңыз.   5б.

Оксана0990 Оксана0990    2   08.12.2020 07:50    9

Ответы
Anhelodek Anhelodek  07.01.2021 07:51

ответ: Ку тулки

Объяснение: Хитрая лиса

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi