1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқы, жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құра /жазбаша/
Читаем текст и составляем предложения, используя новые слова в тексте /письменно/
Айтыс өнері
Бүгін мен Ақшабайдың ауылына қонаққа бардым. Той өте керемет өтті. Шілдеханаға танымал айтыс ақындары келген. Ақындар біріне-бірі өлеңмен жылдам жауап берді. Олардың өнеріне таңғаласың. Ақындар Сығанақ шаһары туралы көп біледі. Олар елдегі жаңалықтарды әнге қосып айтты. Халық өте көп болды. Жеңімпаз ақынға Ақшабай алтын құмыра мен шапан берді. Меніңше, айтыс – нағыз өнер. Ол – ата-бабамыздан келе жатқан мұра.
1801 жыл 20 шілде. Сығанақ қаласы.