1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша 3 негізгі сұрақ құрастырыңыз.Кітап-а ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал,білім мен тәрбие көзі. Ол –адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. 23 сәуір- Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде,Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан-Енисей» жазба ескерткіштерін» (7-9ғ.) ашық аспан астында тұрған тас кітаптар деп айтуға болады.​

Nialya2727 Nialya2727    2   05.04.2021 12:44    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi