1-тапсырма. Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана – болашағы үлкен қала.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін
1. Сөйлемді толықтырыңыз. Парламент үйі ... орналасқан.
А) Астана ауданында
В) Есіл өзенінің бойында
С) Елбасы Резиденциясында
D) Жастар сарайының қасында
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Астана – еліміздің бас қаласы.
В) Сарыарқа жеріндегі қаланың болашағы үлкен.
С) Елбасы Резиденциясы Сарыарқа көшесінде орналасқан.
D) Еліміздің астанасы Есіл өзенінің жағасына орналасқан.
3. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.
А) табиғат, жұмыс, Есіл
В) Отан, табиғат, Астана
С) мақсат, жұмысшы, Отан
D) еңбек, астана, ынтымақ
4. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 1991 жылы ... .
А) Парламент үйі салынды
В) Астана қаласы салынды
С) ҚР-ның тұңғыш Президенті сайланды
D) Н.Ә. Назарбаев Резиденциясы салынды
5. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Қазақстанның бас қаласы қай қала?
В) Астананың бұрынғы атауы қалай аталды?
С) Астана қаласының іргетасы қашан қаланды?
D) Астана қаласы қай жылы еліміздің бас қаласы болды?
6. Неге мен өз елімді сүйемін?
А) Себебі Қазақстанның табиғаты әр алуан.
В) Себебі Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.
С) Себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және оқып жүрмін.
D) Себебі біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
7. Нақ осы шақтағы етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
В) Біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
С) Мен өз елімді сүйемін.
D) Мен Қазақстанда оқып жүрмін.
8. Қазақстан табиғатының әр алуандығын көрсететін сөйлемді табыңыз.
А) Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
В) Біздің ел тез дамиды және гүлденеді.
С) Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
D) Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді.
9. Көп нүктенің орнына қай сөзді қою керек? Астана – ... Қазақстанның бас қаласы.
А) үлкен
В) көп қабатты
С) әр алуан
D) тәуелсіз
10. Мәтінге ат қойыңыз.

alenasweets230 alenasweets230    1   23.12.2020 05:18    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi