1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырманы орында
Мейрамбек мектептен келді де, қазыларын өріске айдап шықты. Ауыл сыртындағы
алаңқайдың көк шөбі жер бетінен ине бойы көтеріліп қалған. Күн жылы. Төмпешіктің түстік
бетіне сарғалдақтар қаптап өскен. Мейрамбек қозыларына біраз қарайлады. Сөйтті де, сар-
ғалдақтар өскен қырға жүгіре жөнелді. Жоғары көтерілді. Былтыр осы төбеге зорға шыққан еді.
Төбенің үстінен ауылға қарады. Ана тұста өзінің үйі, ал сонау жерде өзімен бірге оқитын Марат
пен Айгүлдің үйі. Олар аулаларының алдынан көрінбейді. Әйтпесе қолын бұлғап, дауыстап
шақырар еді. Мейрамбек шөп арасында жайқала өскен сарғалдақтар үстіне шалқая жатып, заңғар
аспанға көз тастады. Көкте әппақ мақта секілді бұлттар жүзіп барады. Мейрамбек енді байқады,
аспан керемет екен!Төбедегі бұлттар тұңғиық су ішінде қалқып жүзген ақ бауыр қаздардан
аумайды. Анау бір бүII ше? Ол тау-тау қып үйген ақ бұйра і үндей екен. Мына шеттегі бұлттың
үстіне шығып алып, жер-дүниені серуендер ме еді, шіркін! Жо-жоқ, болмайды. Атасы мен әжесін
не көрінгті. Мейрамбек бүтін көктемнің ғажайып сырына елжірей қарады. Биылғы көктем
есінде ұзақ сақталар-ау. Әсіресе, жаңа ғана көкке қарап шалқалап жатып, дүниенің ғажап
екендігіне қайран қалғанын қарасаңшы. Анау төмендегі ауылда өзімен қол ұстасып бірге жүріп,
бірге оқитын Марат пен Айгүлдің қасында жоғын айтсайшы! Мейрамбек орнынан тұрды да,
қырдан еңiске қарай көйлегінің түймелерін ағытқан қалпы зымырай жөнелді.
Сұрақтарға жауап жаз:

1.Мейрамбек аспандағы бұлттарды нелерге ұқсатты?

2.Бұрт көктем Мейрамбектің есінде неліктен ұзақ сақталады деп ойлайсың?

3. Мәтін бойынша «иә» немесе жоқ» деп жауап беретіндей бір сұрақ құрастырып жаз.​

igorbrekk igorbrekk    3   10.03.2021 08:13    1

Ответы
Sophie9649 Sophie9649  09.04.2021 08:13

1

әппақ мақтаға, ақ бауыр қаздарға ұқсатты

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi