1-тапсырма Мәтінді оқып, проблемалық сұрақтар құрастырыңыз. Климаттық өзгерістер Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Температура цельсий бағаны бойынша 3 градусқа көтерілсе, жер құрғап, өнім азайып, дүниежүзінде ауыл шаруашылығы құрдымға кетуі мүмкін. Ғаламдық температура жоғарылағанда, поляр мұздықтары еріп, теңіз деңгейі көтеріледі. Жауын-шашынның молдығынан көптеген аймақтарда тасқын болып жатыр. Ғаламдық жылынудың әсерінен жаңбырдың түрлері де өзгереді. Жауын мөлшерінің төмендеуінен жерасты сулары азаяды, ал теңіз деңгейінің көтерілуінен жағалау аймақтарындағы су ластанады. Бұл факторлар ауызсу мен егінді суаратын судың тапшылығына әкеледі.
1. Дүниежүзі ашарлыққа ұшарауы мүмкін бе?
2. Жаңбырдың құрамының өзгеруі қаңдай қиыншылықтарға алып келеді?
3. Экология, климат не үшін өзгеруде?