1-тапсырма: Мәтінді оқып, ондағы мәліметтерді графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде
құрастыр.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3/4 бөлігін
алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық
тіршілік атаулының құрамына су кіреді. Тірі ағзалардың 60-70 %-ы, ал өсімдіктердің 90 % -
ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ.
Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері
судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада
өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде
судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан
тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.
Өте мұздай суық су ішу де зиянды. Көп мөлшерде өте мұздай суық су ішкенде
асқорыту жүйесінде шұғыл бұзылыстар пайда болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
https://zhardem.kz/news/37
2-тапсырма:
Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрін анықта көмектесіндерш