1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Кейіпкерге автор берген мінездемені тауып оқыңыз. Өз сөзіңізбен түсіндіріп, кестені толтырыңыз.

Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді)
Ертеңінде белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді . Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. - Жолдастар, - деді Бауыржан орнынан тұрып, дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес.
Жұрт демін ішіне тартып, үндемей қалды. Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады. Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.
Батя, есінде бар ма? - деді Блоха Бауыржан кетерде. - Санбатта дәрігер арқанды ұстараның жүзімен тіліп, әрең алған оқты маған беріп едің ғой. Мен соны ескерткіш үшін жоғалтпай сақтап жүрдім. Соғыстан қайтып келе жатқанда зат қапшығыммен бірге жоғалтып алдым. Қазір саған не сыйларымды білмей отырмын. - Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ, - деді Бауыржан. - Сен менің өз өмірімді өзіме сыйлаған кісісің. Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. - Сонда да, - деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, - мына Волоколамск тас жолымен немістердің танктері бізге қарап қаптап келе жатқанда, оларды лайықты қарсы алар алдында менің темекі тұтатқан шақпағым еді. Осы үйдегі соғыстан калған жалғыз белгі осы ғана. Осыны саған сыйлағым келеді. - Бұл сыйлығыңды қабыл аламын, - деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған шакпақты алып жатып. - Бұл - баға жетпес ескерткіш...

Автор мінездемесі Менің мінездемем
Ұлы Отан соғысының каһарманы
бүкіл дүниежүзіне белгілі әдеби герой
атақты жазушы
маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ
бұл сыйлығыңды қабыл аламын

ОТ ! СОЧ​

Søphia Søphia    3   18.05.2021 11:49    9

Ответы
roman2016volko roman2016volko  18.05.2021 11:50

Ә. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.

Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.

“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз. Романның стилі де ерекше. Жазушы мен батыр арасындағы диалог сол мезеттегі атмосфераны сезінуге әкеледі.

“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.

Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi