1-тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнға сай 2 дұрыс ақпаратты анықтаңыз.

Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(122 сөз)

Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Баланы ешқандай мал көтере алмапты.
Батыр дұшпанның қолында қалуды тілемейді.
Оқжетпесте қайың мен теректер өседі.

OgoKatya OgoKatya    3   05.05.2020 08:55    26

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi