1-тапсырма Мәтінді оқып, кестеге негізгі және қосымша, детальді ақпаратты жазыңдар.
Жер жаннаты-Жетісу
Жетісу – сулы аймақ. Су мол болғандықтан, шөбі қалың әрі шүйгін. Сондықтан «жер жаннаты – Жетісу»
атанып кеткен. Жетісуда жеті өзен бар.
СолтүстіктеБалқаш, солтүстік-шығысында Сасыккөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік
және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Олардың
қатарына Лепсі, Басқан, Саркан, Ақсу. Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері.
Жетісудың кең аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км шақырым. Бұл
өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал
шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде 600 - 1200 м биіктікте ауа
райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын
көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары
өседі. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет
ошақтарының біріне айналдырды.

Nigina11111 Nigina11111    2   20.01.2021 08:56    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi